Үкімет көмір жеткізу тізбегіндегі делдалдарды жою жұмыстарын бастады

Сурет: Zakon.kz
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен коммуналдық көмірге баға белгілеу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz

Көмірді тауар биржасы арқылы өткізу бойынша пилоттық жобаның нәтижесі талқыланды. Бұл механизм өзінің тиімділігін көрсетті – делдалдардың саны қысқарды, бөлшек сатушылардың көмір кеніштерінің ресурстарына тікелей қол жеткізуі қамтамасыз етілді. Көмір құнына оңтайлы баға белгілеуді қамтамасыз ету мақсатында Үкімет өнімсіз делдалдарды шеттету жұмыстарын бастады, делінген primeminister.kz сайтында.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму, сауда және интеграция министрліктері мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі халықты көмірмен қамтамасыз ету тізбегіндегі қажетсіз байланыстарды жою және тауар биржасы арқылы сатылатын көмір көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту шараларын әзірлеуде.

Бұл жұмыс Үкіметтің ерекше бақылауында.

Қазақстан
Скляр Роман

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі