Жылу орталығын аралағаннан кейін министрлік, облыс әкімдігі, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдерінің және станция басшылығының қатысуымен Петропавл ЖЭО жұмысын қалыпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңес аясында 2021 жылы жүргізілген күрделі жөндеу көлемдерінің, апаттық аялдамалардың өзекті мәселелері, ЖЭО-ның алдағы жылыту маусымына уақытылы, сапалы дайындық тәуекелдері талқыланды.
ҚР Энергетика министрлігі авариялық оқиғадан кейін техникалық жағдайға бағалау жүргізу үшін Петропавл ЖЭО-ға тәуелсіз сараптама комиссиясын жіберді, оның қорытындысы бойынша Петропавл ЖЭО-2 жұмысын қалыпына келтіру жөніндегі Жол картасы әзірленді.
Жол картасы ЖЭО-ны алдағы жылу беру маусымына уақтылы және сапалы дайындауды қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асыру үшін қаржыландырудың жалпы сомасы 17,5 млрд теңгені құрайтын бес блокқа бөлінген.
Кеңес қорытындысы бойынша жүргізілген сараптама мен талдау нәтижелерін ескере отырып, ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов станция басшылығына алдағы жылыту маусымына ЖЭО-ны сапалы дайындауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Энергетика министрлігі Петропавл ЖЭО-ның 1961 жылы салынғанын, СҚО-дағы электр және жылу энергиясының жалғыз көзі болып табылатынын еске салады. Станцияның белгіленген электр қуаты 541 МВт құрайды, жылу қуаты сағатына – 713 Гкал.