Талант Медет ҚР МҚІА Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болды

Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы лауазымына Талант Медет тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талант Бақбергенұлы 1980 жылы дүниеге келген.

Білімі:

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "бүкіләлемдік тарих" және Фемида заң академиясын "заңтану" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

Мемлекеттік қызметте еңбек жолын Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы болып бастаған.

2008 жылдан бастап мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органда жұмыс істейді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын бақылау бөлімінің консультанты, Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің, Мемлекеттік қызметті өткеру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы, Департамент басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

Департамент басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Медет Т.Б. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті Ахуалдық мониторинг және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының басшысы болды.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды