Смайылов зардап шеккендерге арналып салынатын баспана жайлы: Едел-жедел қимылдауымыз керек

Сурет: Әлихан Смайылов/видеодан алынды
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қостанай облысында өрт кезінде зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы мәселесін шұғыл түрде шешуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі облыс әкімдігімен бірлесіп, бір типтік үйлерді салу жөніндегі жұмысты бастасын. Тапсырмалар берілді, маңыздысы осы. Адамдар баспанасыз, үй-жайсыз қалып кетіп отыр. Едел-жедел қимылдауымыз керек. Жұмысты ертең бастап кетуіміз қажет, – деді Смайылов.

Алдында Әлихан Смайылов Қостанай облысындағы алапат табиғи өрттердің салдарын жою мәселелері бойынша шұғыл кеңес өткізді. Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысы мәселесі - Президенттің жеке бақылауында.

2 қыркүйекте өңірде орман өрті басталды. Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елдімекендеріне қауіп төнді. Егде жастағы бір ер адам қаза тапты, 10 адам жарақаттанды.

Мыңдаған адам эвакуацияланды. Шұғыл байланыс желісі іске қосылды.

Қылмыстық істер қозғалды.

Қостанай
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр