Үкімет отырысында анықталғандай, қазір сатуға қойылған әрбір объект бойынша Жол картасы әзірленді. Олар мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланған.
"Активтерді бәсекелес нарыққа жоспарлы түрде шығаруды қамтамасыз ету қажет. Сонымен бірге объектілердің сату алдындағы дайындық сапасына да көбірек көңіл бөлу керек. Кешенді жоспарды толыққанды іске асыру үшін жекешелендіру процесінің ашықтығын арттыру қажет. Өкінішке қарай, кейбір өңірлер жоспарды орындай алмай отыр. Олар - Маңғыстау және Ақтөбе облыстары".Әлихан Смайылов
Премьер-министр мемлекеттік органдар өңір әкімдіктері, квазимемлекеттік сектор ұйымдары жоспарды нақты орындауы қажет екенін атап өтті. Жыл қорытындысы бойынша жұмысқа тиісті баға беріледі.
"Өздеріңізге белгілі, IPO шеңберінде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының жай акцияларына жазылу аяқталды. Бейсенбі күні IPO іске қосылады. Самұрық-Қазына қоры оны сапалы өткізуі керек". Премьер-министр Әлихан Смайылов