Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығы жеке меншіктен мемлекет меншігіне өтеді

Сурет: primerminister.kz
"Ұлттық ғылыми онкология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке меншіктен республикалық меншікке сыйға тарту шарты бойынша жарғылық капиталға қатысу үлесін қабылдау туралы" ҚР үкіметі қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сыйға тарту шарты бойынша "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 пайызын республикалық меншікке беру туралы Turar Healthcare коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұсынысы қабылдансын", – деп жазылған құжатта.

Қаулы жобасын әзірлеушілердің түсіндіруінше, Turar Healthcare коммерциялық емес қоғамы мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің тізіліміне енді. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 5-тармағына сәйкес, арнайы құқық субъектілеріне акцияларды иеленуге, сондай-ақ өзге де жолмен басқа заңды тұлғалардың қызметіне қатысуға тыйым салынады.

Осыған байланысты Turar Healthcare КЕАҚ сыйға тарту шарты бойынша "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесінің жүз пайызын мемлекет меншігіне береді.

Құжат 1 ақпанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады