Сапасыз тауарды қалай қайтарамыз? Заңгер кеңесі

Сурет: pixabay
Заңгер Жасұлан Айтмағанбетов кепілдігі жоқ немесе кепілдік мерзімі 2 жылдан аз тауарды қалай қайтаруға болатынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz

Сатып алған тауарды кепілдік мерзімі ішінде ауыстыруға немесе қайтаруға болатынын білеміз. Бірақ сатушы тауардың кепілдік мерзімін көрсетпесе, қайтеміз? Заңгердің сөзінше, мұндай жағдайда өндірушінің кепілдігіне баса назар аудару қажет.

ҚР "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" заңның 23-бабы 2-тармағына сай, сатушы өндірушінің кепілдігін азайтуға құқығы жоқ.Adilzanger заңгер-кеңесшілер палатасының кеңесшісі Жасұлан Айтмағанбетов

Маманның айтуынша, құжаттарда немесе өндірушінің сайтында кепілдік көрсетілген болса, онда сол кепілдік ескеріледі. Алайда кепілдікті сатушы да, өндіруші де бермесе, "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" заңның 17-бабы 2-тармағына сүйенеміз.

Осы заңға сай тұтынушы тауарда ақау болуына байланысты екі жылдан аспайтын мерзімде талап қоюға құқылы. Қолданыстағы заң бойынша тауардың кепілдік мерзімі көрсетілмесе де, тұтынушыда екі жыл кепілдік бар.Заңгер Жасұлан Айтмағанбетов

Кепілдік мерзімі 6 ай, бір жыл болса да, тауардың кемшіліктеріне байланысты талаптар "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" заңның аталған 17-бабы, 2-тармағына сай екі жыл ішінде беріледі.

Сатушы беретін кепілдік пен заңдағы кепілдіктің айырмасы қандай?

  1. Сатушының ресми кепілдігі болса, ол тұтынушының талаптарын орындауға немесе оның кінәсін дәлелдеуге міндетті.

  2. Ал заңның екі жылдық кепілдігі бойынша тұтынушы тауарды сатып алғанда ақауы болғанын дәлелдеуі керек. Бұл "ҚР Азаматтық кодексінің" 429-бабында көрсетілген.

Қазақстан
ҚР Жоғарғы соты
Назарбаева Дариға

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек