210 курсант қашты – Қорғаныс министрлігінің түсініктемесі

Қорғаныс министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2021 13:16 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
1 желтоқсанда осындай жағдай болды

Институтты өз бетімен тастап кеткен курсанттарға қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылдың 1 желтоқсанында 18.00-ден кейін Құрлық әскерлері әскери институтының төртінші курсында білім алып жүрген 210 курсант оқу орнын өз бетінше тастап кеткен.

Бүгін сағат 09.00-де барлық курсанттар сабақтарында болды.

Институт бастығы генерал-майор Дулат Адырбеков курсанттардың институтты өз бетімен тастап кетуін кадрлық тағайындаумен келіспеуден, яғни факультет (курс) бастығының ауысуымен байланысты, сонымен қатар олар бұрынғы басшыны қайтаруды сұрайды деп түсіндірді.

Курсанттардың ата-аналарына орын алған жағдай жеткізілді.

Аталған факті бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылық етуімен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы тергеу жүргізуде. ҚР ҚМ баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: