Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда әскери медицинаны күшейту шаралары қабылданып жатыр

Мәселе, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2022 23:05 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қорғаныс ведомствосында әскери-медициналық бөлімшелерді заманауи медициналық техникамен жарақтандыру, кадрлық қамтамасыз ету және инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері пысықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әскери медицина қызметі жауынгерлік қабілетті қалпына келтіру мақсатында жеке құрамды әскери-медициналық қамтамасыз етуге бағытталған. Одан бөлек, Қарулы Күштердің әскери медицинасы елдегі коронавирус инфекциясымен күреске белсене атсалысып, бітімгершілік миссияға дайындыққа да тартылған. Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов

Сонымен қатар, министрліктегілер қазіргі кезде бірқатар кемшіліктер барын а жеткізді. Құзырлы ведомства мәліметінше, тек Нұр-Сұлтандағы, Алматы және Талдықорғандағы үш-ақ госпиталь және 15 медпункт емдеу мекемелеріне арналған арнайы ғимараттарда орналасқан.

Қорғаныс министрлігі Ақтау қаласындағы Әскери-теңіз госпиталі мен Нұр-Сұлтан қаласындағы госпиталь-емхана кешенін салу, сондай-ақ модульдік құрылымдағы медициналық пункттер үшін ғимараттар сатып алу және салу мәселесін пысықтауда.

Қарулы Күштердің әскери медицина құрамына 20 әскери-медициналық мекеме мен 130-дан астам медициналық бөлімшелер кіреді.

Әскери медицина, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2022 23:05

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Жыл сайын санаторлық-курорттық емделуге 1 000-нан астам әскери қызметші мен әскери зейнеткерлер жіберіледі. Қорғаныс ведомствосы «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын жақсартуға бағытталған медициналық көрсеткіштер бойынша санаторлық-курорттық емдеуге қатысты түзетулерді ұсынды.

Өзге де ұсыныстар ведомстволық тиесілігіне қарамастан, күштік ведомстволардың әскери-медициналық бөлімшелерінде медициналық қызметтер алуды, сондай-ақ әскери қызмет орнында әскери-медициналық мекемелердің болуына қарамастан, азаматтық денсаулық сақтау ұйымдарында әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсетуді көздейді.

Қорғаныс министрлігі кадрларды даярлау және дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында медициналық мамандықтарды оқыту үшін Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтына курсанттарды қабылдауды қайта бастады. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында бірінші курстың 12 курсанты, алтыншы курстың 23 интерні және жетінші курстың 15 интерні білім алады.

Әскери медицина, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2022 23:05

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Заңнамаға жыл сайын 25 курсант қабылдау, резидентура бағдарламасы бойынша әскери дәрігерлерді даярлау жөнінде өзгерістер енгізу де жоспарланып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: