ҰҚШҰ-ға мүше елдер химиялық терроризммен күресте күш-жігерді үйлестіруге келісті

Бірлескен мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2022 20:18 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің ынтымақтастықты нығайту және химиялық терроризмге қарсы күрес мақсатындағы күш-жігерді үйлестіру туралы бірлескен мәлімдемесінің басты дәйексөздері жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚШҰ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірлескен мәлімдеме Гаагада 2022 жылы 9 наурызда жасалған.

Мәлімдемедегі басты мәселелер:

  • ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер химиялық терроризм қатерлеріне байланысты қатты алаңдаушылық білдіреді және өздерінің химиялық қарудан азат әлем жағында екенін нық мәлімдейді.

  • ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер терроризмге қарсы күрес мәселелерін саясиландыруға жол бермеудің және оларды қосарланған стандарттар саясатының құралына айналдырмаудың маңыздылығын атап өтті.

  • ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер химиялық қару саласында мамандандырылған білімі бар шетелдік террорист-содырлардың Конвенцияға қатысушы мемлекеттерге енуінің алдын алу бойынша ынтымақтастықты кеңейтуді жақтайды.

  • ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер ашық құрамдағы ХҚТҰ (Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым) жұмыс тобының терроризм жөніндегі қызметінің маңыздылығына баса назар аударады.

  • ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер химиялық және биологиялық терроризм актілеріне қарсы күрес жөніндегі Конвенцияны әзірлеу туралы Ресей-Қытай бастамасының әлі де өзектілігін сақтап отырғанын растайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: