Алматы қаласында жетінші мамыр күні қандай іс-шаралар өтеді
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында қалада түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Алматының барлық мектептерінде «Ерлік сабақтары», сынып сағаттары, мәнерлеп оқу және эссе байқаулары өтеді.
Мереке қарсаңында Ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар органдарының ерекше көзге түскен қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етіледі.
Алматыда үш күн бойы, 7-9 мамыр аралығында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан сарбаздардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
7 мамырда сағат 16.00-де Республика сарайында Отан қорғаушылар күніне және ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтеді, оның барысында ардагерлер мен әскери қызметшілерге құрмет көрсетіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript