Бурабайда жас офицер мен Ресей азаматы қайғылы жағдайдың алдын алды
Кешкісін көл жағасында демалып жатқан Ескендір көмек сұрап айғайлаған адамдардың дауысын ести сала жағадан жарты шақырым жерде ауа төсенішіндегі ересек адам мен баланы көреді. Демалушы ер адамның желдің күшеюіне байланысты жағажайға оралуы қиынға соққаны бірден байқайды.
Ескендір Қасымбай еш ойланбастан оларға көмекке асығып, жүзе жөнеледі. Ол көл ортасындағыларды құтқаруға жалғыз әрекет еткен жоқ. Көмекке ресейлік Полина Савельева қоса ұмтылған. Кейін белгілі болғандай, оның кәсіби жүзгіш екені анық болды.
Бірлескен іс-қимылдардың арқасында құтқарушылар дер кезінде мәселені бақылауға алды. Біраздан соң ер адам өздігінен жүзе бастайды. Алайда жағалауға жетпей ол суға бата бастаған. Сәтін салғанда, демалушылар уақытылы қосымша көмек көрсеткен.
Ол жаққа жүзу аса қиын болған жоқ, қайтарда ғана қол-аяғымның талғаны сезілді, ентігу пайда болды. Бірақ дене шынықтыру жаттығулары көмектесті. Менімен бірге құтқаруға қатысқан қыз жүзумен айналысқан екен. Сондықтан бізге спорттың септігі тиді деп айтуға болады. Аға лейтенант Ескендір Қасымбай
Жас офицер бұл әрекетін ерлікке баламайды.
Әлеуметтік желілердегі құтқарылған адамдардың жақын туыстарының алғысы болмаса, 14 шілде күні орын алған оқиға жария болмас та еді.