Жаңалықтар тізбегі
0

Есіл өзеніне батып бара жатқан ер адамды құтқарған ұландықтар марапатталды

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2022 12:13 Сурет: ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтандағы №5573 әскери бөлімде Есіл өзеніне батып бара жатқан елорда тұрғынын құтқарып қалған Ұлттық ұланның әскери қызметшілері марапатталып, құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының бұйрығымен кіші сержант Айбат Есіркеп пен қатардағы жауынгер Оралбек Жиенбай "Қазақстан Республикасының құқықтық тәртіп әскеріне 30 жыл" медалімен марапатталды. Сондай-ақ, қатардағы жауынгерлер Нұрбол Тілеубек пен Ерболат Қанатбек астаналық жедел құрама командирінің грамотасымен марапатталды.

Суға кеткен адамды құтқару, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2022 12:13

Сурет: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Батырларға марапатты салтанатты түрде Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, "Халық қаһарманы" полковник Қайрат Үмбетов табыс етті. Бас тәрбиеші сарбаздарға батыл іс-әрекеттері үшін алғыс білдірді.

Бүгінде Ұлттық ұланның жеке құрамы өздеріне жүктелген жауынгерлік міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Біздің сарбаздарымыздың бұл әрекеті ұландықтардың антқа адал екенін және азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға айтарлықтай үлес қосатынын тағы да дәлелдеді. Сол күні олар жанқиярлық танытып, өз өмірлерін қатерге тігіп, батылдықтың жарқын үлгісін көрсетті. Олардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында адам өмірі арашаланып қалды. Барлық жас жауынгерлерге қызметте табыс, барлық бастамаларына сәттілік, лайықты қызмет және үйлеріне аман – есен оралуын тілеймін. Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, "Халық қаһарманы" полковник Қайрат Үмбетов

Марапаттау шарасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2022 12:13

Сурет: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Айта кетсек, оқыс оқиға 9 тамызда болған. №5573 әскери бөлімінің әскери жасағы патрульдеу барсында ер адамның Есіл өзенінің жағалауы жағынан көмек сұрап айқайлағанын естіді. Ұландықтар жедел және батыл әрекет етіп, суға батып бара жатқан азаматты судан алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: