Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында мерт болған сарбаз соңғы рет анасымен сөйлескен

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2022 23:51 Сурет: zakon.kz
Жамбыл облысындағы шекара заставасында әскери борышын өтеп жүріп, өзіне-өзі қол салды деген сарбазға қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайтыс болардан екі сағат бұрын сарбарз анасымен телефон арқылы тілдескен. Ұлының дауысындағы өзгерісті байқаған, себебін сұрағанда ұйқыдан жаңа тұрып жатқанын айтқан, деп мәлімдеді «Астана» телеарнасының тілшісі.

Туыстарының айтуынша, ол қайтыс болардан бірер күн бұрын туыстары мен достарына хабарласып, қомақты қаржы сұраған.

Ақша сұратуына қарағанда, ар жағында қысымшылық болған. 17-нен бастап сұрапты. Біреуден 20 мың, біреуден 30 мың сұраған.. Өзі пысық бала болатын. Ортасының алды болатын. Соған итермелеп отыр. Осының ашылуын талап етеміз. Марқұмның ағасы Қанат Қожахметов

Олар тергеудің әділ өтіп, өлімге итермелегендер жазалануын талап етеді.

Сарбазды ақтық сапарға шығарып салуға келген әскерилер «соңғы кезде қызымен ренжісіп жүрді, өмірімен қош айтысуына сол себеп болуы мүмкін» деген болатын.

Қаралы жиынға келген сүйіктісі мұны елдің алдында жоққа шығарып, сарбаздың хабарламасын оқып берді. Марқұм Бекбол Мираш қатты қорқып жүргенінін жазыпты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: