Жаңалықтар тізбегі
0

Бас әскери прокуратура: Өз-өзіне қол жұмсаған мерзімді әскери қызметшіге жыныстық зорлық жасалмаған

Прокуратура мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2023 10:04 Сурет: gov.kz
2022 жылдың тамыз айында атыраулық әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсады. Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының 18 жастағы тумасы Бекбол Мираш Жамбыл облысындағы Шөлдала шекара бөлімінде әскери борышын өтеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас әскери прокуратураның мәліметінше, бүгінгі күні билікті асыра пайдалану арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша күдікті ретінде сол заставаның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі өтеді. Қылмыстық Іс материалдарына сәйкес ол Б.Мирашты және онымен бірге әскерге шақырылған басқа да мерзімді әскери қызметкерлерді жүйелі түрде психологиялық тұрғыда қорлап, соққыға жыққан.

Күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасуда және ерекше бақылауға алынған.

"Тергеу барысында болған оқиғаның барлық нұсқалары, соның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық мүмкіндігі тексерілді. Алайда, бұл дерек расталмаған. Адвокаттың өтінішхаттары белгіленген мерзімде қаралды және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы тәртібімен қанағаттандырылды." Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі

Адвокат С. Пралиевтің қылмыстық істің мән-жайларын жариялау жөніндегі әрекеттерінің заңдылығын уәкілетті орган, адвокаттардың тәртіптік комиссиясы қарайды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жеке өмірге, жеке және отбасылық құпияға қол сұғылмаушылықты ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жөніндегі өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: