СҚО білім басқармасы ұстаздың өз-өзіне қол жұмсағаны жайлы қауесетті жоққа шығарды

Мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2022 15:43 Сурет: Zakon.kz
WhatsApp-та Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында 26 жастағы мұғалім аттестаттаудан өте алмағандықтан өзіне-өзі қол жұмсады деген қауесет тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық білім басқармасы stopfake.kz-ға берген түсініктемесінде бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ведомстволық тексеру нәтижелері таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын көрсеткені айтылады.

Полиция департаменті де педагогтар арасында суицид фактілерін тіркемеген. Аттестаттауға келетін болсақ, ол 5 жылда 1 рет өтеді. Одан өтпеген мұғалім жұмысынан айырылмайды. Аттестаттау педагогтың біліктілігін айқындау және қосымша ақы төлеу құралы болып табылады, деп хабарлады СҚО білім басқармасындағылар.

Басқарманың мәліметінше, 2018 жылға дейін қосымша ақылар 5-17 мың аралығында болды. Қазір жалақының 30-50% құрайды. Мысалы, егер жалақы 300 мың теңге болса, қосымша ақы 150 мыңға жетуі мүмкін.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасында көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: