Қайтыс болған әскери зейнеткердің отбасына берілетін жәрдемақыны қалай алуға болады
Бұл қызметті Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы көрсетеді. Өтініш «электрондық үкіметтің» egov.kz веб-порталы арқылы қабылданады.
Өтіншпен қоса:
қайтыс болғаны туралы куәлік;
зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.
Біржолғы жәрдемақы тағайындау үшін отбасы мүшелері қосымша мына құжаттарды ұсынуы қажет:
18 жастан 23 жасқа дейінгі балалардың күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылатыны туралы оқу орнының анықтамасы;
қайтыс болған адаммен туыстық қатынасты куәландыратын құжат (туу, неке қию, некені бұзу, әке болуды (аналықты) анықтау туралы куәліктер).
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттары туралы, тұрғылықты жері немесе уақытша болатын орны бойынша тіркеу туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Жерлеуге арналған біржолғы төлем және/немесе біржолғы жәрдемақы тағайындалған жағдайда осы нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» хабарлама жолданады.