Жаңалықтар тізбегі
0

"Мобилизациядан қашып, амалдаған ресейліктер". Қызылжар вокзалынан репортаж

Көші-қон, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2022 20:34 Сурет: Zakon.kz
Петропавлда 22 қыркүйекте көрші Ресейден келушілердің саны күрт артқан. Негізінен, елімізге келіп жеткен қонақтар - әскерге шақыру жасындағы ер адамдар. Zakon.kz тілшісі Петропавл вокзалына барып, қаламызға келіп жатқан теріскейдегі көрші ел азаматтарын әңгімеге тартты.

Түстен кейін теміржол вокзалына Ресейден үш бірдей жолаушылар пойызы келіп жетті. Олардың барлығы транзиттік болып табылады. Соған қарамастан әр вагоннан арқасына боқша ілген жігіттер түсіп жатыр. Шамамен 20-35 жас аралығындағылар. Жігіттердің топтасып келуі түсініксіздеу, таңқаларлық жағдай, олардың жанында не ата-аналарының бірі немесе сүйіктісі жоқ. Кейбір жігіттер пойыздан түсе салысымен, бірден банкоматқа тартты. Екі жігітке тақап, сөзге тарттық:

- Жігіттер, сендер Ресейден келдіңдер ме?

- Иә, - деді бетін бүркемелеген ересектеуі. Ал оның қасындағы жолдасы:

- Жоқ! Біз Киевтенбіз, деп сөзімізге киліге кетті.

- Біздің Петропавлда қазір әр жерден Ресейдің жастарын кездестіруге болады. Тура осы вокзалдағыдай. Неге адамдар кетіп жатыр? Мобилизациядан қорқып па? Ата-аналарың жіберді ме сендерді?

- Бұл жағы да бар. Ата-ана, әдетте, балалары үшін алаң. Болашақ үшін жасалған сақтық шарасы десе де болады. 24 ақпаннан бастап кеткіміз келген, негізі, - дейді бозбалалардың бірі.

Оның жолдасы да әңгімеге араласты:

– Мен әкемін. Әрине, балаларымыз үшін қорқамыз.

Жас әке өз отбасы үшін ең жақсы өмірді іздеп келгенін осылай жасырмады.

- Ал мен Қазақстандағы ЖОО-ға ауысуға келдім. Мұнда оқуға жылына 800 мың теңге төлейсің. Бұл - арзан. Ресейде менің оқуым 400 мың Ресей рублін құрайды. Оның үстіне менің мамандығым - бағдарламашы, ал қазір ол керек болмай қалды бізде. Ал мұнда жұмыс істеуге және ақша табуға мүмкіндіктер бар. Болашақ бар, - дейді тағы бір жас жігіт.

Басқаша да жауап бергендер болды.

- Сіз Қазақстанға не үшін келдіңіз?

– Қазақстандық банк карточкасын алу үшін, - дейді пойыздан енді түсіп жатқан жолаушылардың бірі.

– Өзіңізді соғысқа алып кетеді деп алаңдайсыз ба?

"Әрине, алаңдаймын", – дейді жас жігіт өзін күтіп тұрған таксиге қарай аяңдап.

Петропавлда қазір таксишілерде маза жоқ. Тұтынушы көп. Әсіресе, алысқа тасуды сұрайтын жолаушылар жетерлік. Олар соңғы тәулікте шекараға апарып, алып келуді сұраушылар саны күрт артқанын айтады. Жолаушыларды шекараға апарағаннан гөрі, алып қайту жағы басым. Жүргізушілер шынын айтты: келіп жатқандардың көбісі мобилизациядан қашып, амалдаған ресейліктер.

Түнде Түмен шекарасына бардым. Бозбала күтіп тұр екен, қасында тайыншадай дәу ит. Содан, айналайын, қымбаттым, мына итіңді ала алмаймын, біз олай келіскен жоқ едік қой, деп айттым. "Ағатай-әкетай, ол менің отбасы мүшем, ала кетіңізші" деп жалынып-жалбарынды. Одан кейін қалай бас тартасың, итті те алдық, - дейді Серік деген такси жүргізушісі.

"Жаңа ғана Түменнен бес жігітті әкелгенмін, енді тағы тапсырып шығып тұр", деп оның қасындағы әріптесі де желпініп, өз ойын жасырмады.

Бесеуі де жас жігіттер. Қонаққа келе жатырмыз, Қазақстанды көргіміз келеді деді. Алабөтен сұрақтар қоймадым. Бірақ жолай ата-аналарына хабарласып отырды телефоннан. Содан ұққаным әскери комиссариаттан қорқатын секілді, - дейді қаланың тағы бір таксишісі.

21 қыркүйекте РФ Президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялады. Осыдан кейін желіде Ресей Федерациясынан Түркияға, Қазақстанға және басқа елдерге билеттер көптеп сатып алына бастағаны туралы хабарламалар пайда бола бастады. Ал Ресей – Қазақстан құрлықтық шекарасында Ресей жақтан келіп тұрған көліктердің ұзын-сонар кезегі байқалады.

Инна Лопатко

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: