Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Ресейдің арнайы операциясы: ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 жетекшісі мен белсендісі ұсталды

Қазақстан және Ресей қызметтері бірлесе операция өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2023 12:58 Сурет: видеодан скриншот
3 қаңтарда ҚР ҰҚК мен ІІМ Ресейлік Федералдық қауіпсіздік қызметі және ІІМ-мен бірге Байқоңыр қаласында құрамына Қазақстан және Ресей азаматтары кірген қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша бірлескен арнайы операцияны өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, бір уақытта Астана, Қызылорда және Қонаев қалаларында аталған топтың  көмекшілері ұсталды. Жалпы арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 басшысы мен белсенді мүшелері ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлері бойынша атыс қаруы, ақшалай қаржы және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де материалдар алынды.

Қылмыстық топтың адам ұрлауға, бопсалауға, қарумен қарақшылық шабуылдау және ұрлыққа қатыстылығы бары анықталды. Қылмыстық элементтер ұзақ уақыт бойы Байқоңыр қаласы және Қызылорда облысындағы қылмыстық ахуалға кері әсер етіп келіп, ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауда қатыгездіктерімен ерекшеленген.

Мысалы, 2022 жылғы қыркүйекте қылмыстық топтың қатысушылары арасындағы қарулы қақтығыс салдарынан көшеден өтіп бара жатқан бейбіт адам оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған. ҰҚК қызметкерлері арнайы операцияны прокуратурамен келісе отырып, жедел-іздеу және техникалық іс-шаралардың кешенін жүргізу арқылы көп айлар бойы тыңғылықты әзірлеп келген.

Қазір сот алды тергеу аясында ұсталғандардың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр және қажет тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: