Астана маңында мерзімді қызметтегі сарбаз қайтыс болды
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
18 қаңтар күні Астана маңында парашютпен секіру тапсырымасын орындау кезінде мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.
"Парашютпен жоспарлы секіру бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындау барысында мерзімдік қызметтегі сарбаз қаза тапты. Қазіргі кезде тексеріс жүргізіліп жатыр". ҚР Қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов
Қорғаныс министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, әскери қызметші әскерге 2022 жылдың көктемінде Қарағанды қаласынан шақырылған.
"Қорғаныс министрлігінің тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажет шара қабылданады". ҚР Қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript