"Әскер аруы" фотобайқауы басталды

"Әскер аруы", ҚР Қорғаныс министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2023 10:29 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Бірінші наурыз күні 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған "Әскер аруы" фотобайқауы басталды

ҚР Қорғаныс министрлігінің бастамасымен өтетін байқаудың мақсаты – қазақстандық әйелдер арасында әскери мамандықты дәріптеу.

Байқауға сауалнамалар толтырылған 50-ден астам өтініш келіп түсті, оның ішінде техникалық талаптарға сәйкес келетін 26 өтінім іріктеліп алынды. "Әскер аруы" байқауына қатысушыларға Қорғаныс министрлігінің ресми Instagram-дағы @modgovkz парақшасынан көруге және дауыс беруге болады.

Үшінші наурызда төрт әскери қызметші ару арасынан жеңімпаздар анықталып, оларды салтанатты марапаттау осы жылдың жетінші наурызында өтеді.

Сіздердің назарларыңызға кейбір сайыскерлердің суреттерін ұсынамыз. Қалған қатысушылардың суреттерін ҚР Қорғаныс министрлігінің Instagram парақшасынан көре аласыздар.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желінің әрбір қолданушысы Қарулы күштердің әскери маман иелеріне дауыс бере алады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: