Жаңалықтар тізбегі
0

Зейнетақы жинағын "Отбасы" банкіндегі депозитке аудару тәртібі жарияланды

Отбасы банк, депозит, БЖЗҚ, жеткіліктілік шегі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2021 14:02 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Жуырда enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында ""Отбасы" банктегі салымды толықтыру" батырмасы пайда болады

"Отбасы" банк төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов біржолғы зейнетақы төлемдерін "Отбасы" банктегі депозитке аударуға болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жақында enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында ""Отбасы" банктегі салымды толықтыру" батырмасы пайда болатынын мәлімдеді.

Достар, жақын арада сіз өзіңіздің біржолғы зейнетақы төлемдеріңізді enpf-otbasy.kz онлайн-платформасы арқылы "Отбасы" банктегі депозитіңізге аудара алатын боласыздар. ""Отбасы" банктегі салымды толықтыру" батырмасы қашан және қалай пайда болатыны туралы ақпаратты сәл кейін жариялаймыз.Нұрлан Ақшанов
  • БЗТ қосылған депозиттерге ТҚЖ стандартты шарттары қолданылатын болады.

    Яғни депозиттерге банктің жылдық 2 пайыз мөлшеріндегі сыйақысы және 20 пайыз мемлекеттік сыйлықақы (жыл нәтижесі бойынша жинақталған 200 АЕК-тен аспайтын жинақ сомаға) есептеледі.

  • БЗТ қосылған депозит көмегімен тұрғын үйді 3 жыл ішінде сатып алу қажет болады. Егер банк клиенттері БЗТ қосылған депозитті көрсетілген мерзім ішінде пайдаланбаса, олар БЖЗҚ-ға қайтарылады.

  • Салымды жауып, зейнетақы төлемдерін шешіп алуға болмайды. Шотты жапқан кезде ақша БЖЗҚ-ға қайтарылады.

  • Мұндай депозиттерді туыстарыңызға табыстаған кезде, депозиттегі БЗТ қаражаты БЖЗҚ-ға қайтарылады.

  • Депозитті бөлген кезде тек өз жинақтарыңызды және банк сыйақысын алуға болады, егер депозиттің мерзімі 3 жыл және одан көп болса онда мемлекет сыйлықақысын да қоса аласыз, бірақ БЗТ қаражаты БЖЗҚ-ға қайтарылады.

  • Бір адамның атында бірнеше депозит болса және олардың бірінің құрамында БЗТ қаражаты қосылған депозит болса депозиттерді қосуға болады. Немесе екі адамның депозиттері ал БЗТ қаражаты депозитті қабылдаушы тараптың атында болған жағдайда қосуға рұқсат беріледі.

  • Интернет-банкингте біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған депозиттерді сатуға тыйым салынады. Оларды үшінші тұлғаның кепілгер депозиті ретінде де пайдалануға болмайды.

    Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырғанын хабарлаған едік.

    Тоқаев Үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: