Қазақстан Республикасы азаматтары үшін пайдалы ақпараттық қызмет іске қосылды
«Ақпараттық сервистер» ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің qamqor.gov.kz ресми сайтында азаматтар үшін интернет арна арқылы еркін қолжетімді болады.
«Полицияға арыз беру» бөлімінде азаматтар үйден шықпай-ақ «Ақпараттық сервистер» порталы арқылы полицияға арыз бере алады.
Сондай-ақ, «Мемлекеттік органдарға жазған өз өтінішін тексеру» бөлімі, «Адамдардың қаза болуына немесе жаралауына әкеп соққан көлік құрылының жол-көлік оқиғасына қатысты туралы ақпарат», «Өз айыппұлыдарың туралы біл», «Қылмыскерді, борышкерлерді, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестру», «Алиментшілерді іздеу», «Геокарталар», «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізілімі жария секторы» бөлімдері, «Қылмыскерлерді, борышкерлерді, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды іздестіруді» «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы», «Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға өтініштерінің картасы» компоненті бар.
«Qamqor» мобильді қосымшасы әзірленді, ол арқылы кәсіпкерлер алдағы тексерулер туралы хабарламаларды алады, онлайн режимінде шағым бере алады. Қазіргі таңда қосымшаны 110 мыңнан астам кәсіпкер қолданады.
Егер кәсіпкерлер тексеруші органдардың қызметкерлері тарапынан заңсыз іс - әрекеттерге тап болса, Бас прокуратураның call-орталығының 115-бірыңғай нөмірі бойынша хабарлауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ аталған сұрақтар бойынша Комитетке және оның аумақтық органдарына жүгінуге болады.
Сонымен бірге, кез келген кәсіпкер www.qamqor.gov.kz ақпараттық сервисінде тиісті жолға акт нөмірін енгізу арқылы тексерудің заңдылығын көре алады. Сол жерде органның атауы, тексеру кезеңі, тексеруші тұлға туралы деректерді алу арқылы тексерудің тіркелгеніне көз жеткізуге болады. Егер ондай ақпарат болмаса, онда тексеру прокуратура органдарында тіркелмеген және ол заңсыз болып табылады.
ҚСжАЕАЖ комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бөлімінің прокуроры Жұмабек Әділбек Рахманбердіұлы