Алматыға ағылған шетелдіктер саны 2,5 есеге артқан
Сурет: pixabay
2023 жылдың алғашқы үш айында қалаға 21 805 шетел азаматы келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге көп, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл мәліметті Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі ұсынды.
Мәселен, жыл басынан бері 6472 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 1738-і - шетел азаматы.
"Әкімшілік жолмен 248 шетелдік елден шығарылды. ПД-ның қабылдап-тарату бөліміне жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 365 шетел азаматы орналастырылды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережелерін бұзған 47 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жыл басынан бері заңсыз көші-қонның 11 арнасы анықталды", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript