2025 жылдың алғашқы тоқсанында Алматыға келген шетелдік туристер саны 18%-ға артты

Алматының туризм саласы қарқынды дамып келеді. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында мегаполиске 496 944 адам келген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,9% көп. Бұл туралы қаланың туризм басқармасы хабарлады., сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2025 09:58 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының туризм саласы қарқынды дамып келеді. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында мегаполиске 496 944 адам келген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,9% көп. Бұл туралы қаланың туризм басқармасы хабарлады.

Туристер саны шетелдік меймандар есебінен өсіп отыр. Олар бір жыл ішінде 18%-ға көбейіп, 2024 жылдың алғашқы тоқсанындағы 122 859 адамның орнына 145 058 адамға жетті.

Туристер легінің артуы Үндістан (+73,4%), Қытай (+39,3%), Түркия (+24%), Біріккен Араб Әмірліктері (+47,8%) және Малайзия (өсім – 5,7 есе) сынды елдерден байқалды.

Алматының туристік әлеуетіне деген қызығушылықты әлемдік деңгейдегі айтулы рейтингтер де растайды. 2025 жылы қала CNN арнасының нұсқасы бойынша үздік туристік бағыттар қатарына енсе, Booking.com нұсқасы бойынша жылдың ең танымал бағыттарының бірі ретінде аталды.

Алматы әлемдік туристік кеңістікте ерекше орны бар қала ретінде танытып келеді. Тұмса табиғат, терең тарихи-мәдени мұра, заманауи инфрақұрылым мен қазақ халқының қонақжайлығы бұл шаһарды өзгелерден даралап көрсетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: