Шымкент әуежайы штаттық режимде жұмыс істей бастады
Сурет: primeminister.kz
Шымкент қаласының әуежайында ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуе айлағы баспасөз қызметінің мәліметінше, жоспарға сәйкес 29 сәуірге дейін ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарының алдын ала аяқталуына байланысты әуежай 2023 жылдың 24 сәуірінде сағат 00:00-ден бастап штаттық режимде жұмыс істей бастады.
"Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жөндеу жұмыстары жыл сайын жүргізіліп отырады", – делінген хабарламада.
16 наурызда Шымкент әуежайын үкіметтік комиссия тексеретіні белгілі болды.
27 қаңтарда ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Шымкентте жұмыс сапарымен болып, ең бірінші кезекте қалалық әуежайдың жай-күйімен танысып, жаңа терминал құрылысын жеделдетуді тапсырды. Ол Шымкент қаласының бет-бейнесі болып табылатын қалалық әуежайдың жағдайы халықаралық мәртебеге сәйкес келмейтінін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript