Ақтаудағы әуежай 26 мамырға дейін жұмыс істемейді

Жөндеу жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2023 20:00 Сурет: pixabay
Ақтау қаласындағы әуежай ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты екі күнге жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өздеріңізді Ақтаудағы әуежайдың 24, 25 мамырда сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты жабылатынын хабардар етеміз. Ұшу уақыты туралы хабарлама жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген телефон нөмірлеріне жіберіледі, делінген FlyArystan хабарламасында.

Компания Ақтау әуежайының бұл жоспарын ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолдайтынын атап өтеді, алайда кеш жеткізіліп отырған хабарландыру жолаушылардың жоспарларына әсер еткеніне өкінетіндерін де айтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: