Жаңалықтар тізбегі
0

Yessenov University кампусы жаңа нысандармен толықты

Жаңа нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 18:44 Сурет: Yessenov University
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастап, қырықтан астам ЖОО басшылары Ақтаудағы Есенов университетіне арнайы келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қонақтар университет кампусындағы технопарк, студенттер саябағы, стадион жобасымен танысып, Теңіз академиясы ғимаратының құрылысын аралады. Жаңа жатақхананың ашылу салтанатына қатысты.

Мемлекет басшысының инновациялық экожүйе құру туралы идеясы аясында университет президенті Берік Ахметов қонақтарға болашақ инженерлер мен технологтарға, IT мамандарына ғылыми-техниканың әртүрлі салаларынан білім беретін, техникалық ойлауды дамытатын Yessonov Technopark кешенінің жобасын таныстырды.


Жаңа нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 18:44

Сурет: Yessenov University


Зертханалар студенттер мен өнертапқыш қала тұрғындары үшін 24/7 ашық әрі қолжетімді болады. Технопарк MVP (Minimum Viable Product) ағаштан, металдан прототип жасауға мүмкіндік беретін орынға айналады.


Жаңа нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 18:44

Сурет: Yessenov University


Технопарк кешенінде орнатылған ескерткіш тасқа облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, министр Саясат Нұрбек және университет президенті Берік Ахметов уақыт капсуласын салды. Капсула ішіндегі болашаққа жазылған аманат хат 2076 жылы – Есенов университетінің 100 жылдық мерейтойында ашылады деп жоспарланған.

Сондай-ақ қонақтарға жылыжай, жасыл технологиялар орталығы, су тұшыту қондырғысы таныстырылды. Одан ары мәртебелі меймандар студенттік саябақ аумағына алғашқы түп талдарын отырғызды.

Тарихи сәттер университет территориясында салынған 500 орындық жаңа жатақхананың лентасын қию рәсімімен және жатақхана фоесінде журналистерге арналған баспасөз конференциясымен жалғасты.

Мемлекет басшысы Жолдауында жоғары оқу орындарына жатақхана проблемасын шешу үшін құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнатуды тапсырды.


Жаңа нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 18:44

Сурет: Yessenov University


Осы орайда Есенов университеті мен "Айсар-Строй" ЖШС консорциум құрып, жатақхана құрылысын салып бітірді. Жатақхана екі адамдық бөлмелерден тұрады. Барлығында жеке-жеке жуынатын орын мен дәретханасы, тамақ дайындауға арналған плита, оның үстінде бу мен түтін сорғыш құрылғылар орнатылған. Нысан техникалық қауіпсіздік талаптарына толық сай, мұнда өрт қауіпсіздігі мен санитарлық нормалар қатаң сақталады.

 

Саясат Нұрбек, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 18:44

Сурет: Yessenov University


Осы сапарында министр Саясат Нұрбек Yessenov University студенттермен кездесіп, жасанды интеллект тақырыбында дәріс оқыды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: