Жаңалықтар тізбегі
0

Елорда әкімі қанша көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты

Жол жөндеу жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2023 22:56 Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жөндеу жұмысы жүріп жатқан көшелерге қатысты есеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімі Instagram-дағы парақшасында жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшелерге тоқталды.  . Биыл жалпы ұзындығы 54 км-ден асатын 70-тен астам көшені жөндеу жоспарланып отыр.

"Олардың бір бөлігі қаланың елдімекендерінде болмақ. Сондай-ақ, аялдама бұрылыстарын, пандустарды, тротуарларды, әлеуметтік нысандарға кірме жолдарды және т.б. жабдықтаймыз. Бірқатар көшенің құрылыс барысымен таныстым. Олар: Тілендиев даңғылы мен Болашақ көшесі арасындағы Кенжин көшесі; Бөгенбай батыр даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі Жеңіс даңғылы, Ұлы дала даңғылынан Бұқар Жырау көшесіне дейінгі Еңбекшілер көшесінің құрылысы; Мәңгілік Ел даңғылынан Қайсенов көшесіне дейінгі Рысқұлов көшесі, Тілендиев даңғылы мен Бейсеков көшесі арасындағы екі деңгейлі көлік айрығы".  Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек

Жаңадан салынып жатқан аудандарға тоқталатын болсақ, инженерлік инфрақұрылымы мен үйлердің құрылысы біткеннен кейін ғана негізгі жолдары салынады. Оған дейін уақытша төсеммен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, биыл Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылына өтетін көпірді ашамыз. Бұл көпір жолдардағы көлік нөпірін едәуір азайтуға мүмкіндік береді: Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы ауданы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешіті ауданы, Байтұрсынов көшесі, Қордай, Айнакөл, Момышұлы даңғылы мен сол жағалау арасында қосымша байланысты қамтамасыз етеді.

Әкім қҚаладағы климаттық жағдайларды ескерер болсақ, жол жұмысының маусымы қысқа екенін еске салады.


"Жолдарды сапалы етіп салуды міндеттедім. Біз сапасыз орындалған жұмыстарды қабылдамаймыз, мұндай жағдайда мердігер өз есебінен қайта жөндейтін болады", – деп жазды елорда әкімі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: