Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда отандық тауар өндірушілердің ULTTYQ ÓNIM көрмесі өтіп жатыр

Отандық тауар өндірушілер, Алматы, көрме, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2023 14:57 Сурет: "Даму" қоры
5-7 мамыр аралығында Алматыда "Атакент" Іскерлік ынтымақтастық орталығында қала әкімдігінің қолдауымен, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ ұйымдастыруымен жыл сайынғы отандық тауар өндірушілердің ULTTYQ ÓNIM көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көрмеде азық-түлік, киім-кешек және аяқ киім, жиһаз, құрылыс материалдары, машина жасау жабдықтары, химия өнеркәсібі өнімдерін шығаратын және басқа да көптеген кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынып отыр.

Ауқымды көрменің ашылуына Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қатысты. Ерұлан Кенжебекұлы құттықтау сөзінде кәсіпкерлікті дамыту басымды бағыт ретінде ұлттық экономиканың тұрақты дамуының маңызды факторы екенін атап өтті.

"Өткен жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Стратегиялық мақсат – 2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі ШОБ үлесін 35%-ға, 2030 жылға қарай 40%-ға дейін арттыру. Азаматтардың кәсіпкер ретінде қалыптасуына жағдай мен мүмкіндіктер жасау - нақты мақсаттарға қол жеткізу жолындағы шынайы қолдау екені сөзсіз. Осы мақсатта кәсіп ашу және дамыту бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Ұлттық жоба аясында пайыздық мөлшерлемелер субсидияланады, несиелерге кепілдік беріледі, басқа бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиелер мен әртүрлі қолдау шаралары ұсынылады. Осы саладағы мемлекеттік саясаттың жолбасшысы, бизнестегі сенімді серіктес - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ екені анық. Осы жылдар ішінде жалпы ішкі өнімдегі кәсіпкерліктің үлесі артты, бұл бірлескен жұмыстың нәтижесі", - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Көрменің ашылу салтанатына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, екінші деңгейлі банк төрағалары, кәсіпкерлер қатысты. Іс-шараның демеушілері: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ, "Еуразиялық Банк" АҚ, "ForteBank" АҚ, "РБК Банк" АҚ, "Береке Банк" АҚ, сондай-ақ KMF микронесиелік ұйымы.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жыл сайынғы отандық тауар өндірушілердің Ulttyq Ónim көрмесін өткізу Алматы және жалпы еліміз үшін маңызды оқиға екеніне тоқталып өтті.

"Алматы – бизнес пен капиталдың орталығы ретінде танымал. Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес қала экономикасының 57,5 пайызын құрап, қаладағы жұмыспен қамтудың 87 пайызын (2022 жылы 998 мыңның 868,5 мыңы) қамтамасыз етеді. 2022 жылы ШОБ өнімінің көлемі 15,7 трлн. теңгеге жетіп, 31,1%-ға өсті. ШОБ субъектілерінің кәсіпкерлік бастамасы арқасында бүгінде қала ел экономикасының бестен бір бөлігін дерлік (2022 жылы 18,5%) және Қазақстан мемлекеттік бюджеті кірісінің төрттен бірін қамтамасыз етіп отыр. Биылғы жылдың басынан бері мегаполисте іскерлік белсенділік айтарлықтай артқан. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында іскерлік белсенділік индексі бойынша (57,9%) Алматы Қазақстанның өңірлері арасында бірінші орынға шықты»", - деді Ерболат Досаев.

Өз кезегінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев аталған көрме отандық тауар өндірушілерінің өз өнімдерін көрсететін бірегей алаңға айналғанына сенімді екенін атап өтті.

"Көрмеге қатысушы кәсіпкерлер жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, өз өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруда. Бұл Қазақстан экономикасының одан әрі дамуына қосатын зор күш-қуаттың белгісі. Қазіргі таңда еліміздің әрбір азаматының өз ісін ашуға толық мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қолдау әрбір қазақстандыққа қолжетімді. Отандық өнімді қолдап, еліміздің дамуына бірге үлес қосайық!" - деді Қ.Шарлапаев.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева атап өткендей, отандық тауар өндірушілердің ULTTYQ ÓNIM жыл сайынғы көрмесі 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұған дейін бұл шара жылда Астанада өтетін. 2022 жылы оған 350-ге жуық кәсіпкер, 20 мыңға жуық адам қатысқан.

"Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында "Даму" қоры еліміздің барлық өңірлеріндегі кәсіпкерлердің 187,5 мыңнан астам жобасын, жалпы сомасы 10,9 трлн теңге болатын несиені қолдады. "Даму" қорының қатысуымен мемлекеттік қолдау шаралары 2022 жылы 1,5 триллион теңгеден астам несиеге 50,5 мыңнан астам жобаны қамтыды", - деді басқарма төрайымы.

"Даму" қорының қолдауына ие болған жобалар экономиканың түрлі салаларында жүзеге асырылуда. Бұл жобалардың қызметі импортты алмастыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Мысалы, қолдау тапқан жобалардың қатарында керамограниттен жасалған бұйымдар шығаратын "Зерде-Керамика Ақтөбе" ЖШС бар, кәсіпорын ішкі нарықты қамтамасыз етіп, өнімдерін Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстанға экспорттайды; "Прима Құс" ЖШС – бройлер етін өндіру және өңдеу бойынша жабық циклді ірі құс кешені; "Eira med", қан сақтауға арналған контейнерлер өндіруші; "ПК Аврора" ЖШС жуғыш заттарды және басқа да көптеген өнімдерді шығаруға бағытталған.

Көрмеге өнімдері қойылған кәсіпкерлер жаңа әлеуетті тұтынушыларды табуға, қалыптасқан байланыстарды нығайтуға және іскер серіктестер табуға мүмкіндік алады. Көптеген кәсіпорындар үшін көрмеге қатысу – өз өнімдерін немесе қызметтерін таныстыру, сондай-ақ бір саланың адамдары арасындағы қарым-қатынас, жаңа таныстар мен идеялар арқылы "танылудың" тағы бір жолы. Іскерліктен басқа, көрмеге қатысу тұтынушылар мен олардың не күтетіндері туралы көбірек білуге, өнімдер туралы жылдам кері байланыс алуға, ең бастысы, салалас өнім өндірушілермен танысуға мүмкіндік береді.

Көрме 7 мамырға дейін жалғасады. Көрме барысында адам ресурстары, ұтымды өндіріс салаларындағы іскерлік келіссөздермен қатар кәсіпкерлер үшін қазақстандық сарапшылардың маркетинг шеберлік сабақтары мен тренингтері ұйымдастырылады. Ал келушілер қазақстандық өндірушілердің тауарларын өз көздерімен көріп, сатып ала алады. Сонымен қатар келушілер жаңалықтармен танысып; қазақстандық дизайнерлердің сән көрсетілімін тамашалап; "Халық таңдауы" дәм тату байқауына қатысып; қатысушы компаниялардан бағалы сыйлықтар ұтысында сәттіліктеріңізді сынап көру және т.б. мүмкіндіктерге ие болады.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: