Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда қаласында құрылыс қарқынды жүріп жатыр

Құрылыс жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2023 15:43 Сурет: Қызылода қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, жылдар бойы қордаланған инфрақұрылым мәселесін шешу және отандық өндірісті дамытуға қатысты Қызылорда қаласында ілкімді істер жүзеге асуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, қаланың сол жағалауында құрылысы басталған 84 пәтерлі 7 қабатты 6 тұрғын үй бой түзеді. Жанында көпқабатты 10 үйдің құрылысы басталған.


Құрылыс жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2023 15:43

Сурет: Қызылода қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Сонымен қатар, Сұлтан Бейбарыс көшесінің Н.Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі аралықта абаттандыру жұмыстары жүруде. Көшенің бір шақырымға созылған бір бөлігі 6 жолақты. Сондай-ақ, көшенің бойына екі субұрқақ, скверлер мен балалар ойын алаңдары салынбақ.


Құрылыс жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2023 15:43

Сурет: Қызылода қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Ал, Н.Назарбаев даңғылынан Қызылорда-Құмкөл трассасына дейінгі жол қайта жаңғыртудан өтуде. Аталған аумақтағы жөндеу жұмыстарын "УАД" ЖШС жүргізуде. Бұған дейін көлік ағыны толастамайтын республикалық маңызы бар көшенің тарлығынан жолаушылар мен сол маңдағы тұрғындар қауіпсіздігі өзекті мәселе болып келген еді. Жақында бұл мәселе де шешімін табатын болады. Сұлтан Бейбарыс көшесін абаттандыру және қайта жаңғырту қазан-қараша айларында толық аяқталады деп күтілуде.


Құрылыс жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2023 15:43

Сурет: Қызылода қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кету керек, Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде денешынықтыру-сауықтыру кешені кент тұрғындары үшін маңызды жобалардың бірі. Нысанның құны – 542,1 млн теңге. Жоба құрылысы 2024 жылдың наурыз айында бітеді. Жауапты мердігер - "Интегрострой" ЖШС.

Саяхат тұрғын ауданындағы Ш.Бәкірова көшесінде де жұмыс қызу жүруде. Бір шақырымға жуық аумақты орташа жөндеуден өткізуді мердігер компания "Қызылорда-Траст" ЖШС бастап кетті.

Қазіргі таңда, аймақтың бас шаһарында жүргізіліп жатқан барлық әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылыстары қарқынды жүруде.


Құрылыс жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2023 15:43

Сурет: Қызылода қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: