Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте халықпен кездесулер қарқынды жүруде

халықпен жүздесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2022 14:40 Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Шымкент қаласында ойдағыдай жүзеге асуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соған сәйкес Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов барлық аудандар, шағын аудандар мен елді мекендерді аралап, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелер дер кезінде шешілу үшін барлығы 75 кездесу өткізген. Оның 26-сы қаладағы аудандарда және 49-ы шағын аудандар мен тұрғын алаптарда ұйымдастырылған. Онда шымкенттіктер 211 мәселе көтерген болса, оның 34-і дереу оң шешімін тапты.

халықпен кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2022 14:40

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мұрат Дүйсенбекұлы кездесуде көтерілген барлық проблемаларды назарға алып, бірінші кезектегі зәру мәселелерді дереу шешіп жатыр. Мәселен, Құрсай шағын ауданындағы №283 орамдағы 14 үйдің тұрғындары электр қуатына қосыла алмай отырғанын айтқан. Осыған байланысты шұғыл түрде уақытша желі тартылып, тұрғындарға жарық берілді.

Тап осындай мәселе Еңбекші ауданы Қарабастау тұрғын алабында да көтерілген. Бұл жердегі 160 үйдің мәселесі де қала әкімінің тұрғындармен кездесуінен кейін оң шешімін тауып отыр.

халықпен кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2022 14:40

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Тұрғындарды ең жиі мазалайтын мәселенің бірі – қоғамдық көліктердің қозғалысы. Әсіресе, шеткі шағын аудандар мен елді мекендерде автобустар тым сирек қатынайды.

Мәселен, «Бозарық» тұрғын алабы мен «Бозарық» саяжайына №171 және 171А бағыттарына қосымша бір-бір автобустан қосылды. Ал, «Ақжайық» шағын ауданындағы қоғамдық көліктердің жүру кестесіне өзгеріс енгізіліп, қосымша №20 бағыттағы автобус жүргізілген. Мұндай мәселелер «Сәуле», «Құрсай» шағын ауданында да оң шешімін тапты.

халықпен кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2022 14:40

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қала әкімімен кездесуге келген Отырар шағын ауданының тұрғындары көпқабатты тұрғын үйдегі жылу мен ыстық су құбырларының тозығы жеткенін айтып көмек сұрады. Қала әкімінің тапсырмасынан кейін қысқа мерзімде 500 метр құбыр жаңартылған.

Мемлекет басшысының тұрғындардың зәру мәселесін уақтылы шешу жөніндегі тапсырмасына орай Шымкент қаласының бюджетінен қосымша қаржы бөлінуі жоспарланып отыр. Нақтырақ айтар болсақ, наурыз айындағы өтетін бюджеттік нақтылау кезінде тұрғындармен кездесу және қабылдаулар барысында көтерілген 40 мәселені шешуге қаржы қаралады. Ал, ұзақ мерзімді шешуді қажет ететін 47 мәселе тиісті басқармалардың 2023-2025 жылдарға арналған жоспарына енгізілген. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл мәселелер кезең кезеңімен шешімін табады.

кездесудің қорытындысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2022 14:40

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: