Жаңалықтар тізбегі
0

Елордалық түрмеде сотталғандармен жұмыспен қамту бойынша кездесу өтті

Жұмыспен қамту, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 20:11 Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Ақмола облысы Аршалы ауднанында орналасқан Астана қаласы ҚАЖД-ға қарасты №2 мекеменің базасында Департамент басшылығының ұйымдастыруымен жазасын өтеп жатқан азаматтарды еңбекпен қамтуды ұлғайту бойынша жұмыстық кездесу өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуге Бас прокуратураның өкілдері, "Еңбек" РМК бас директоры және жеке кәсіпкерлер мен өндіріс ашуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының директоры және Аршалы аудандық әкімшілігінің кәсіпкершілік бөлімінің басшысы келіп қатысты. 

Кездесуді Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің бастығы әділет полковнигі Даулет Рақымбеков ашты.

"Қазіргі таңда сотталғандарды, оның ішінде сот үкімі бойынша атқару парақтары бар сотталғандарды барынша еңбекпен қамту үшін өндірістерді ашып қосымша жұмыс орындарын құру керек", - деді ол. 


Түрме, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 20:11

Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі


Жұмыс кездесу барысында барлық өзекті мәселелер және олардың шешілу жолдары қаралды. Бас прокуратураның екінші департаментінің прокуроры әділет кеңесшісі Е.А Тайкешов "Еңбек-Аршалы" РМК филиалының өндірістік аймағында қосымша жұмыс орындарын ашу бойынша ұсыныстарын ұсынып, бұл бағытта оң шешім қабылданатынын айтып, сөзін қорытындылады. 

Кездесуге келгендер мекеме аумағындағы өндірістік аймақтағы цехтарды аралады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: