NAIZA лигасы жаңа жұлдыздарға толы кардымен оралады
25 мамыр күні сағат 18:00-де турнир алдында жауынгерлердің қатысуымен көзтүйіс рәсімі өтеді.
Naiza 51 турнирінің кардында 26 спортшының қатысуымен 13 жекпе-жек қарастырылған.
Кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы Naiza FC чемпионы Олжас “Аю” Абзалиев (2-0) ММА ардагері, 26 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған дағыстандық Артур “Торнадо” Гусейновке (27-12-1) қарсы белбеу қорғауын өткізеді. Маңыздылығы бойынша екінші жекпе-жекте, жартылай жеңіл салмақта екі жарқын финишер кездеседі: қырғызстандық ММА жұлдызы, Eagle FC экс-чемпионы Абдибаит Уулу Бусурманкул (14-4-1, 7 KO/TKO, 3 SUB) мен бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеуі бар Элвис Мартинс (7-1, 2 KO/TKO, 4 SUB) кездеседі.
Сонымен қатар, сіздер келесі жекпе-жектерді тамашалай аласыздар: шу тудырған Асан “Қазақстандық Борз” Султанов Нодирбек Ахатжоновқа қарсы, азақ халқына танымал белорус жауынгері Витал “Hate Love” Павловский Ильяс Садыковқа қарсы, Шерзод Шамсутдинов Энтешам Ансариге қарсы.
"Бұл Қазақстан, Ресей, Бразилия, Корея, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан және Беларусь елдерінің 9 жауынгері қатысатын бірегей халықаралық кард. Барлық жекпе-жек жарқын және әсерлі болайын деп жатыр.
Мысалы, Шавкат Рахмоновтың қарындасы үшін келе жатқан жекпе-жек өте маңызды болады, егер де ол жеңіске жетсе, UFC-ге ауысуға үміткер ретінде қарастырылады.
Бағлан Жақанша – бұл дивизионның жарқын өкілі, оған белбеу үшін күресте өзін сынайтын кез келді. Әрине, барлығы 26 мамыр күні өтетін жекпе-жектің нәтижесіне байланысты.
Жартылай жеңіл салмақта чемпиондармен біраз қиындықтар туындады, мен бұл кардта Naiza 51-де сәтті өнер көрсеткен жағдайда лигамыздың чемпиондық атағы үшін шайқаса алатын екі жарқын үміткерді көріп тұрмын. Олар Нұрбек Қабдрахманов пен Абдибаит Уулу Бусурманкул", - дейді Naiza президенті Нұрбек Қарабала.
Naiza 51 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтында сатып алуға болады.