Абай облысындағы өртті сөндіруге Қарулы күштер жұмылдырылды
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, сонымен қоса 29 бірлік әскери автокөлік және инженерлік техника (әмбебап жол машиналары және басқа да өрт сөндіретін құралдар) тартылды.
"Ауданды барлау, сондай-ақ өртті тікелей сөндіру арнайы аспамен 3,5 тонна су таситын "Бэмби" құрылғысымен жабдықталған Ми-17 көліктік-жауынгерлік тікұшағы арқылы жүзеге асырылуда", делінген хабарламада.
Жеке құрам орман өртінің екі ошағын сөндірумен айналысуда:
- біріншісінде, локализацияланған учаскеде жұмыс жүргізілуде;
- екіншісінде, қашықтағы жерде қорғаныс желісі құрылуда.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
"Әскери қызметшілер арнайы техникамен ағаштарды құлатып, үйінділер салу үстінде. Өрт сөндіру жұмыстары "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының тылдық қамтамасыз ету басқармасы штабының бастығы полковник Ержан Есенбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатыр". ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қарулы күштердің бөлімшелері жедел штабпен ұдайы байланыста екені де нақтыланады.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Ресейдің Алтай өлкесінде қураған шөптің тұтануынан басталған өрт Абай облысындағы "Семей орманы" табиғи резерватына тараған. Өрттің жалпы ауданы 1500 гектарды құрады. Орман өрті туралы 23 мамырда белгілі болды.