Жаңалықтар тізбегі
0

Қарулы күштердің әскери қызметшілері ауыл тұрғындарына көмекке келді

Жамбыл облысы, су тасқыны, ҚР Қарулы күштері, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2023 13:37 Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Өткен демалыс күндері "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімшілігінің өтініші бойынша су тасқынына қарсы шараларды орындауға жұмылдырылды.

Аталған аймақта күннің күрт жылынуы мен жауған жаңбырдың салдарынан елді мекендер мен шаруашылық қызмет объектілерін су басу қаупі туындады. Су тасқынына қарсы жұмыстарға Луговой гарнизонындағы барлау бөлімшесі және мотоатқыштар батальонынан барлығы 300-ге жуық әскери қызметші жұмылды. Сонымен қоса әскери техника да тартылды.

Жамбыл облысы, су тасқыны, ҚР Қарулы күштері, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2023 13:37

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

"Бірден Құлан ауылының тұрғындарына көмекке кірісіп кеттік. Өйткені, қиын жағдайда халыққа қол ұшын беру – әскери және азаматтық борышымыз", – деп атап өтті Жауынгерлік даярлық жөніндегі барлау бөлімшесі командирінің орынбасары майор Абзал Жәнібеков.

Арнайы техниканың көмегімен су арнасын басқа жаққа бұруды төтенше жағдайдың алдын алу жөніндегі органдар жүргізеді, ал әскери қызметшілер жиналған судың үйлерді басуына жол бермеу үшін бекіністер салуда.


Су тасқыны, ҚР Қарулы күштері, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2023 13:37

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

"Әскерилердің келіп, көмектесіп жүргеніне ризамыз, – деп алғысын білдірді Рысқұлов ауданы Құлан ауылдық округінің өкілі Нұрболат Қойшыбаев. – Олар екі күн қатарынан бізге қол ұшын беріп, қолдап осында жүр".

Жұмыс ауысыммен ұйымдастырылған. Үйлерді су тасқынынан қорғау үшін 50 адамнан құралған топтар құм салынған қапшықтардан бөгеттер жасауда.


Қарулы күштер, су тасқыны, Жамбыл облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2023 13:37

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта аудандағы елді мекендерді су басу қаупі әлі де сейілген жоқ. Алайда жағдай бақылауда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: