Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында "Үлгілі елдімекен" үздіктер байқауы өтіп жатыр

Үлгілі елдімекен, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 18:33 Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қызылорда облысында өңір әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен жыл сайын елдімекендер арасында өткізілетін "Үлгілі елдімекен" конкурсы биыл да өз жалғастығын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұратынын айтқан болатын. Осы орайда бұл байқау ел президентінің алдағы 2023-2027 жылдар аралығында "Болашағы бар ауылдарды дамытуға баса назар аудару керек" деген тапсырмасы аясында өткізіліп отырғанын баса айта кетелік.

Байқау елдімекендерде адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру, жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуын қамтамасыз ету және елді мекендерді тазалық пен көгалдандыру шараларына ынталандыру мақсатында 1 наурыз бен 1 шілде аралығында өтуде.

Аталмыш конкурсқа облыстық бюджеттен 467,4 млн теңге бөлінген.


Үлгілі елдімекен, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 18:33

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


Екі кезеңнен тұратын конкурс нәтижесімен "Үлгілі ауыл", "Үлгілі аудан орталығы", "Қызылорда қаласының үлгілі шағын ауданы" номинациялары анықталатын болады. Жеңімпаздарды қоғамдық ұйым өкілдері, экобелсенділер мен еріктілерден құралған тәуелсіз комиссия таңдайды және таңдау барысында елді мекендердегі тазалыққа, көркейту-көгалдандыру және абаттандыруға сондай-ақ, сәулеттік келбетіне аса мән беріледі.

Нәтижесінде, үздіктерге келесідей марапаттар табысталады. Атап айтқанда, "Үлгілі аудан орталығы" номинациясы бойынша бірінші орынға арнайы жол тазалағыш және қалдық тасымалдаушы автокөлік, ассенизатор мен кран-манипулятор берілсе, екінші орынға қалдық тасымалдаушы көлік, ассенизатор және жол тазалаушы трактор, ал, үшінші орынға ассенизатор мен жол тазалаушы трактор сыйға берілетін болады.


Байқау, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 18:33

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


"Үлгілі ауыл" номинациясын иеленген үш ауылға, яғни бірінші орын алған ауылға жер қазатын трактор мен самосвал автокөлігін, екінші орынға жер қазатын трактор мен тіркеме, ал үшінші орынға жер қазатын трактор табысталады.

Айта кетейік, номинация марапаты Қызылорда қаласындағы шағын аудандарға да берілетін болады. Нақтырақ айтқанда, "Қызылорда қаласының үлгілі шағын ауданы" номинациясы бойынша бірінші орынға сквер, спорттық алаң салу және көше-аулаларды жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Екінші орынға балалар ойын алаңы мен спорттық ойын алаңы салынады, үшінші орынға сквер салынатын болады.

Бүгінгі күні конкурс техникалары кезең-кезеңімен алынып жатыр. Жалпы сыйға берілетін 14 техниканың алтауы жеткізіліп қойылды.


Байқау, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 18:33

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: