Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында өскелең ұрпаққа тәрбие берудегі өзекті мәселелер талқыланды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен білім саласының өзекті мәселелеріне арналған кеңейтілген мәжіліс өтті. , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 13:05 Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен білім саласының өзекті мәселелеріне арналған кеңейтілген мәжіліс өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алқалы шараға облыстық мәслихат төрағасы, облыс прокуроры, полиция департаментінің бастығы, құқық қорғау органдарының, департамент және басқармалардың басшылары, қала және аудан әкімдерінің жауапты орынбасарлары, ата-аналар комитетінің өкілдері, мектеп директорлары, олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Аудан әкімдері мен активі бейнебайланыс режимі арқылы қосылды.

Еске салсақ, жас ұрпақ тәрбиесі талқыға салынған мұндай жиын биыл қатарынан екінші жыл өткізілуде. Облыс көлеміндегі, аудандар мен қаладағы тәрбиеге қатысты түйткілдер күнделікті бақылаудан, жауаптылар назарынан тыс қалған емес.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен білім саласының өзекті мәселелеріне арналған кеңейтілген мәжіліс өтті. , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 13:05

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы ұрпақ тәрбиесі мәселесі өзектілігін жоймайтынын атап өтіп, әріптестерін білім сапасын арттыруға, балаларға жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыруға шақырды..

"Мемлекет басшысы "Мектеп – білімнің ғана емес, тәлім-тәрбиенің ордасы. Баланың бойына біліммен қатар адамгершілік құндылықтарын сіңіру – ұстаздың міндеті. Осыған орай балабақшадағы және мектептегі тәрбие ісіне бәріміз қоғам болып мән беруіміз керек, сондай-ақ белсене атсалысуымыз қажет" деп, бұл саладағы жауапкершілікті одан әрі күшейткен болатын. Ұрпаққа сапалы біліммен қатар, саналы тәрбие беру – жұмыстың негізгі бағыты", – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен білім саласының өзекті мәселелеріне арналған кеңейтілген мәжіліс өтті. , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 13:05

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кеңейтілген мәжілісте облыс прокурорының орынбасары Нұрболат Дүйсенбаев, полиция департаменті бастығының орынбасары Ілияс Жұмағұлов, білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов атқарылған жұмыстарды баяндады.

Облыс әкімі ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді кеңінен насихаттаудың рөлін ерекше атап өтіп, облыстық білім басқармасына мектептер мен колледждерде "Аналар академиясының", "Әкелер кеңесінің", ата-аналар комитетінің жұмысын жандандыруды жүктеді. Мұнан бөлек, басқармаға құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алудың іс-шаралар жоспары аясында күшейтілген жұмыс жүргізу жөнінде тапсырма берілді. Мектепішілік және полиция органдарының есебінде тұрған оқушыларды бейімдеу үшін үйірмелерге тарту, жазғы демалыспен қамту қажет.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен білім саласының өзекті мәселелеріне арналған кеңейтілген мәжіліс өтті. , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 13:05

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама, дене шынықтыру, спорт және туризм басқармалары білім басқармасымен бірлесіп, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануын кешенді түрде үйлестіруге жауапты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы салауатты өмір салтын қалыптастыруда, балалар мен жасөспірім қыздардың денсаулығын нығайтуда "Жастар денсаулығы" орталығының жұмысын күшейту керек. Ал, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қала, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, түрлі санаттағы отбасыларға талдау жасап, әлеуметтік карта әзірлеуі тиіс.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен білім саласының өзекті мәселелеріне арналған кеңейтілген мәжіліс өтті. , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 13:05

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жиын соңында аймақ басшысы барлық жауапты мекемелерге балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарауды, ортақ іске барынша атсалысуды тағы да ескертті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: