Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да көп функционалды спорт кешенінің құрылысы басталады

Спорт кешені, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2023 19:16 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Президент тапсырмасына сәйкес, көп функционалды спорт кешенінің құрылысын жүргізуге Орал қаласындағы 10 ықшам аудан аумағындағы жер учаскесі таңдалып алынды. Облыстық спорт басқармасының мәліметінше, 2023 жылы құрылыс жұмыстары қазан-қараша айларында басталмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орал өңірі  тұрғындарының дене шынықтыру мен спортқа сұранысын қанағаттандыру мақсатында облыста үш стадион, бір спорт сарайы, бір оқу-жаттығу орталығы, 32 спорт кешені, төрт спорттық манеж, алты шаңғы базасы, екі есу базасы, 96 ату тирі, 11 хоккей қорабшасы, 1 138 жазық ғимараттар, 16 теннис корты, алты жүзу бассейні, 308 спорт зал, 164 жапсарлас салынған спорт зал жұмыс істейді.

Облыстық спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияровтың мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының спорттық инфрақұрылымды нығайту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында бірқатар аудандарда спорттық кешендер пайдалануға берілген. Оның ішінде, спорт алаңшалары мен хоккей қорапшасы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені де бар.

"2022 жылы Сырым ауданы Бұлдырты ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Орал қаласында 2 спорт алаңы, аудандарда 24 спорт алаңы және 1 хоккей қорапшасы пайдалануға берілді. 2023 жылы Казталов ауданында 3 спорт алаңы пайдалануға берілді. Сондай-ақ биыл Ақжайық ауданы Чапаев және Тайпақ ауылдарында, 2024 жылы Казталов және Тасқала аудандарында 4 дене шынықтыру сауықтыру кешенін қолданысқа беру жоспарлануда". Облыстық спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: