Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада әлемнің сегіз елінің әскери оркестрлері өнер көрсетеді

Астанада әлемнің сегіз елінің әскери оркестрлері өнер көрсетеді , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2023 09:18 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Елорданың 25 жылдығына орай мәдениеттер мен халықтарды біріктірудің бірегей құралы әскери оркестрлердің I Халықаралық «Астана – мәдениет керуені» әскери-музыкалық фестивалі өтеді.

Қалалық әкімдіктің қолдауымен Қорғаныс министрлігі Әзербайжан, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония Қарулы күштері музыкалық ұжымдарының қатысуымен қазақстандықтарға ерекше сыйлық дайындауда.

Фестиваль аясында елордаға бес жүзге жуық музыкант жиналмақ. Олардың репертуары марш, эстрада, джаз және танымал классикалық туындыларға бай. Әр команданың өзіндік стилі, түсі және музыкалық қолтаңбасы бар.

Астанада әлемнің сегіз елінің әскери оркестрлері өнер көрсетеді , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2023 09:18

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Мұндай көлемдегі іс-шараны өткізу ұжымдардың шығармашылық өсуіне, оркестрлік мәдениетті дамытуға және достық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін болады.

Іс-шаралар 6 шілде күні басталады. 19.30-да Есіл өзенінің жағасындағы жазғы амфитеатр сахнасында оркестрлердің қатысуымен Band Marathon өтеді.

Келесі күні сағат 20.00-де музыкалық ұжымдардың қойылымдары орталық саябақта, "Бәйтерек" монументі мен "Хан Шатыр"сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.

Фестиваль 8 шілдеде аяқталады. "Барыс Арена" мұз сарайында үлкен гала-концерт өтеді. Сағат 12.00-де басталатын концертте көрермендер оркестрлер дефилесімен қойылған қызықты музыкалық-театрландырылған қойылымның куәсі болады.

Жылдың ең маңызды оқиғаларының бірін жіберіп алмаңыз! Кіру тегін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: