Тоқаев Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде ерлік танытқандарды марапаттады

Айбын, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2023 18:34 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай облысында туындаған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі, әскери және қызметтік борышынатқарудағы жанқиярлығы үшін бірқатар құтқарушылар мен әскери қызметшілер марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
II дәрежелі "Айбын" орденімен:
  1. Байдоллаев Нұрлан Қошқарұлы – ҚР Қорғаныс министрлігі №53975 әскери бөлімінің командирі;
  2. Долдаев Дамир Талғатұлы – ҚР Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаментінің аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі;
  3. Садықов Орал Жексенғалиұлы – ҚР Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаменті Бородулиха ауданы полиция бөлімінің бастығы; 
III дәрежелі "Айбын" орденімен:
  1. Баймұратов Думан  Қайратұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
  2. Қасымов Ілияс  Ерғазыұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
  3. Никифоренко Иван Юрьевич – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
  4. Смайылов Рустам Қадырұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 24 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі; 
 "Ерлігі үшін" медалімен:
  1. Ақағалиев Ермек Жеңісұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
  2. Әубәкіров Талғат Жұмақанұлы – "Целинное" ЖШС директоры, Абай облысы;
  3. Белгібаев Бахтияр  Станұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 9 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
  4. Ермеков Мұхамед-Шәріп Әбсағитұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемесінің командирі;
  5. Жиренов Бекболат  Маратұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мамандандырылған тобының бөлімше командирі;
  6. Кенжебаев Ертай Мирамұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 16 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
  7. Күдербеков Болат Оралұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
  8. Қабдулин Арман Жанатбекұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
  9. Мұхамет Мұрал Мұхаметұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
  10. Нұрмұхамбетов Бақытжан Нұрмұхамбетұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
  11. Сайдулаев Гилани  Умарович  – "Восток лес индустрия" ЖШС директоры, Абай облысы;
  12. Хурай Өркен  – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі стана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері; 


"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен:
  1. Жанғазинов Талғат Ағыбайұлы  – ҚР Қорғаныс министрлігі 28738 әскери бөлімінің бригада сержанты;

 

"Ерен еңбегі үшін" медалімен:
  1. Алексеев Алексей Владимирович  – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" РММ Бөкебай филиалының Бөкебай орман өрт сөндіру станциясының өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі;
  2. Лебединский Александр Петрович  –  ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы" РМҚК Бородулиха авиациялық бөлімшесінің басшысы.

 


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: