Алматының тау бөктерінде 52 заңсыз нысан анықталды

Заңсыз құрылыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2023 10:31 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматының тау бөктерінде 52 заңсыз нысан анықталды. Оларға қатысты бастапқы құжаттардың күшін жою және сүру бойынша сот ісі қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кеңесінің отырысында Алматы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді.

Алайда "нүктелі құрылысқа" байланысты қолданыстағы нормаларда жобалау алдындағы құжаттарды беруден бас тарту қарастырылмаған. Сондықтан Алматы әкімдігі ел заңнамасына бірқатар түзетулер енгізуге бастамашылық танытты.

Атап айтқанда, қала орталығында "нүктелі құрылысқа" тыйым салуды, қала құрылысы құжаттамасын түзетуге мораторий енгізуді, жобалық құжаттаманы тиісінше салыстырып тексермегені үшін жауапкершілік белгілеуді, егер адамдардың өміріне қауіп төнсе, құрылысты тоқтата тұру мүмкіндігін және т. б. енгізуді ұсынды.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров атап өткендей, сәулет, құрылыс және жер қатынастары саласындағы заңнаманы жетілдіру және құқықтық қайшылықтарды болдырмау жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, Алматыда Сібір жарасы көмілген оба орнында тұрғын үй кешенінің салынып жатқаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: