Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордалық жастар 11 отбасыға баспана сыйлады

Жаңа баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2023 18:25 Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
2019 жылы "Жастар жылы" аясында "Жаңарған Жаңақорған Жастары" еріктілер тобы құрылып, Қызылорда облысының Әділет департаментінен ресми тіркеуден өтті. Ерікті жастар құрамында 150-ге жуық жастар, аға буын өкілдері, кәсіпкерлер мен сан салалы маман иелері бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерікті жастардың негізгі мақсаты – елдің өсіп-өркендеуіне жұмыла отырып, ерікті түрде үлес қосу.

"Мемлекет маған не береді?" деген масылдық психологиядан арылып, "Мен елім үшін не жасай аламын?" деген ұранды өмірлік ұстаным етті. Аудан әкімдігінің қолдауымен жастар ресурстық орталығынан арнайы бөлме берілді.

Жалпы ерікті жастардың негізгі атқаратын 4 бағыты бар. Олар; білім бағыты, қайырымдылық бағыты, руханият бағыты, спорт және өнер. 4 бағыттың ішіндегі ауқымдысы – қайырымдылық жұмысы. Мұның ішіне көптеген әлеуметтік бағыттағы ізгі істер кіреді. Тұрмысы төмен отбасы мүшелерін жұмыспен қамту, баспана соғу, кәсіпке баулу, тегін киім-кешек үлестіру, азық-түлікпен қамтамасыз ету.

Айта кету керек, қоғамдағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың баспаналы болуына ұйытқы болу мақсатында осы еріктілер тобының бастамасымен асар әдісі арқылы бүгінге дейін 11 отбасыға баспананың кілті табысталған. Баспана соғуға жергілікті әкімдік тарапынанда қолдау көрсетіліп, арнайы жер телімдері бөлініп берілген.

Сонымен қатар, ерікті жастардың бастамасымен балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін 2 балалар ойын алаңқайы салынды.


Жаңа баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2023 18:25

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


Қайырымдалық бағытында "Қармақ" жобасы іске асырылуда. Бұл жоба шығыстың "қарны ашқан адамға балық бер ме, қармақ бер" деген нақылынан туындаған. Бұл жоба аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы мүшелерін кәсіпке баулу бойынша мастер-класстар өткізіліп, керекті құрал-жабдықтары алынып беріледі.

Білім бағыты аясында жастарға арналған түрлі семинарлар, интеллектуалды ойындар өткізіледі. 2022 жылдың желтоқсан айында мектеп оқушылары арасында "Интеллектуалды ұлт" сайысы және "Кайдзен үздіксіз дамудың құпиясы" кітабының авторы Ғани Байғалиұлының жас кәсіпкерлерге арналған тегін семинар-тренингі өтті.

Руханият бағыты аясында. Жоба мақсаты – ертелі-кеш телефонға телмірген жас өрендерді бір сәт қолына қалам мен қағаз алып, өзінің анасына деген алғаусыз ақ тілегін жаздыру арқылы, бала мен ана арасындағы сүйіспеншілікті арттыру.

Жыл сайын Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы мен қасиетті құрбан айт мерекелерінде халыққа арнап дастархан жайылып, ұлттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып келеді.

Спорт және өнер бағыты аясында ерікті жастар спорттық сауықтыру бағытында "Ауылдан – Олимпиадаға" атты спорттық эстафеталық жобасын қолға алған. Жоба мақсаты – Жаңақорған өңірінен шыққан спорт саңлақтарын ауылдарға тарта отырып, елді-мекен жастарын салауатты өмір салтын ұстанып, патриоттық жігерін асқақтату.


Жаңа баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2023 18:25

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


Өңірлерде болған төтенше жағдайлар кезінде де қарап қалмай, көмек қолын созып, азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық заттар мен қаржылай қолдау көрсетіп, игілікті істермен де үздіксіз айналысып келеді. Еселі еңбегімен елдің құрметіне, көптің ыстық ықыласына бөленген жастарға аудан тұрғындары ризашылығын білдіріп, рахметін айтуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: