Жаңалықтар тізбегі
0

Метанның ауаға бөлінуі туралы ақпаратқа қатысты "Бузачи Нефть" ЖШС түсініктеме берді

Экология, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2023 20:07 Сурет: видеодан алынды
Өткен аптада кейбір БАҚ жерсеріктер Қазақстанда метанның ауаға таралу дерегін тіркегенін жазды. Атап айтқанда, 2023 жылдың 9 маусымында алапат өрт болған "Шығыс Қаратұрын" кен орнында. "Бузачи Нефть" ЖШС осы жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алдында БАҚ-тар француздың Кауггоѕ SAS компаниясына тиесілі жерсеріктерге сілтеме жасай отырып, "Шығыс Қаратұрын" кен орнындағы №303 апаттық ұңғымадан ауаға тараған метан шығарындыларының жылдамдығы сағатына 35-тен 107 метрикалық тоннаны құрайтыны туралы ақпарат таратқан болатын. Ең алдымен, бұл арада метан шығарындыларының болжамды көлемін автокөліктерден шығатын көмірқышқыл газының (CO3) шығарындыларымен салыстыру дұрыс емес екенін атап өткіміз келеді. "Бузачи Нефть" қазірдің өзінде жұртшылықты  №303 апатты ұңғымадан тұрақты түрде ауаға газ-су қоспасы түріндегі шығарындылар бөлініп, жанып жатқандығынан хабардар етіп жатыр", делінген компанияның 7 тамызда таратқан хабарламасында.


Сондай-ақ, компания субұрқақ түріндегі шығарынды негізінен судан тұрады деп сендіреді.

"Ондағы газдың мөлшері шамалы, тәулігіне шамамен 12 мың текше метр, ал ошақ орталығында 650 градус Цельсий жану температурасында барлық метан экологияға айтарлықтай зиян келтірмейтіндей күйге түсіп, жанып кетеді". "Бузачи Нефть" ЖШС баспасөз қызметі


Апат орын алғаннан кейін 2023 жылы 9 маусымда, 23 маусымда және 30 шілдеде алынған ауа сынамаларының деректеріне сәйкес, санитариялық-қорғау аймағындағы атмосфералық ауадағы зиянды элементтердің шекті көлемі жол берілетін концентрация (ШРК) нормалары көрсеткіштерінен аспаған. 

"Өндірістік тәжірибеде метанның атмосфераға емін-еркін түсуіне жол бермес үшін ұңғымалардан метан бөліну кезінде, әдетте, яғни бөлінген газды әдейі өртейді. Ондайда дыбыс беруші оқпан пайдаланылады. "Бузачи Нефть" бұл ақпаратты растау мақсатында апатты ұңғыма үстіне зымыран оқпаннан оқ атқан видеосын ұсынады. Одан ауаға бөлініп жатқан шығарындылардың өртенбегенін көруге болады. Демек, ондағы метан мөлшері мардымсыз". "Бузачи Нефть" ЖШС баспасөз қызметі


Осылайша, компания атап өткендей, "№303 апаттық ұңғымада субұрқақ түріндегі шығарынды негізінен судан тұратынын ескерсек, ұңғымадан шыққан бу секрецияларында метан молекулаларының құрамы аз - 2-3%, жерсерік ұсынған суреттерден де онысы байқалып тұр". Сонымен қатар от шыққан ұңғыма үстінде будың пайда болуына байланысты тұз түрінде жауын түсуде екенін ескертеміз.


"Қазіргі уақытта №303 ұңғымада апатты жою жұмыстары жалғасуда. 2023 жылы 7 тамыздағы жағдай бойынша №305-Н көлбеу бағытталған ұңғыманың 410 метрі бұрғыланды, сонымен қатар №302 тік ұңғымада да бұрғылау жұмыстары жалғасуда. Оның 100 метрі бұрғыланды". "Бузачи Нефть" ЖШС баспасөз қызметі


2023 жылы 9 маусымда сағат 3:25-те "Бузачи Нефть" ЖШС-ның "Шығыс Қаратұрын" кен орнындағы №303 ұңғымада Южный учаскесінде бұрғылау құралын көтеру кезінде 1088-1090 метр аралығында газ-су қоспасы шығарындылары бөлініп, ақыры ол ашық газ субұрқағына айналған. Маңғыстау облысы ТЖД мәліметтері бойынша, атылған жалынның биіктігі 10 метрге дейін жеткен. 

26 шілдеде "Шығыс Қаратұрын" кен орнындағы №303 ұңғымадағы өрт осымен екінші ай сөндіріліп жатқаны хабарланған. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: