Жаңалықтар тізбегі
0

Смайылов Ақтөбеде Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою, Әлихан Смайылов, Ақтөбе, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2023 18:19 Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Ақтөбе қаласында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2023 жылдың 10 тамызында Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға Ақтөбе облысының ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері де қатысты.


Әлихан Смайылов, Ақтөбеде, Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2023 18:19

Сурет: primeminister.kz


Айта кетсек, 10 тамызда республикада ұлы ойшылдың 178 жылдығы аталып өтіледі. Абай күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жылы мерекелік күндер тізбесіне енді.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында баршаны Абай күнімен құттықтады. Президент Ұлы ақынның ұлттың рухани дамуына зор үлес қосқанын атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: