Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да Жалын ауылында жаңа мектеп ашылды

Жалын мектебі, БҚО, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 20:53 Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округінде Жалын мектебінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Білім ошағының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жыл басынан  бері 16 шағын жинақты мектептің құрылысы басталды. Оның ішінде Жалын мектебі де бар еді. Бүгін құрылыс жұмыстары дер уақытында аяқталып, шәкірттерін күтіп алғалы тұрған Жалын мектебінің ұжымына сәттілік тілейміз. Өңірімізде 23 білім ошағы салынуда. 2023-2025 жылдар аралығында облыста 18 мектептің құрылысы жоспарлануда. Мемлекет білім саласының өркендеуіне үнемі назар аударып келеді. Ең бастысы, балаларымыз жақсы білім алып, еліміздің мақтан тұтар азаматтарына айналсын",  – деді облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.


Жаңа мектеп, БҚО, Жалын, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 20:53

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі


Өткен ғасырдың 1970 жылы салынған ғимарат 25 оқушыға есептелген. 1999 жылы қазақ тілінде білім беретін мектеп болып ашылады. Жыл өткен сайын әбден ескірген мектеп уақыт талабына сай келмей қалды. Жарқыраған жаңа білім ошағы  54 оқушыға арналған. Биыл қаңтар айында  құрылысты бастаған мердігер "KazConstructionGroup" ЖШС оқу жылының басында жұмысты аяқтап, тапсырды. Енді  оқушылар бір ауысымда білім алатын болады.   Іші-сырты замануи үлгіде жабдықталған сәулетті мектеп ауылдың ажарын ашып тұр. Бірнеше жылдан бері ескі мектепте білім алған жалындық оқушылар қуанып жүр.


Балдаурен шағын орталығы, БҚО, Жалын мектебі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 20:53

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі


Салтанатты бөлімнен кейін меймандар мен мұғалімдер мектеп ішін аралап шықты. Жаңа білім ошағында 14 кабинет бар екен. "Балдәурен" шағын орталығы, мультимедиялық кабинет, ұлдар мен қыздарға арналған шеберхана, спорт залы, кітапхана, асхана, медициналық кабинет, химия, физика, биология зертханасы мектепте оқушылардың алаңсыз білім алуына бар жағдай жасалған. Сондай-ақ  29 компьютер, 11 интерактивті тақта бар.


Жаңа мектеп, БҚО, Жалын, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 20:53

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі


Бүгінде Жалын мектебінің  1 сыныбына ауылдан 9 оқушы қабылданған. Даярлық сыныпта  бес, шағын орталықта  он бес бүлдіршін тәрбиелеуде. Білім ошағында 21 мұғалім қызмет етеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: