Президент отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің әлеуетімен танысты
Атап айтқанда, далада ұйымдастырылған арнайы алаңқайда Орталық Азия аймағындағы бронды техникаларды жөндеуге маманданған жалғыз "Семей инжиниринг" (Семей) зауыты бронды жөндеу-эвакуациялық транспорттау машинасын пайдалана отырып, ұрыста зақымданған техниканы қайта қалпына келтіру барысын көрсетті, делінген Ақорда хабарламасында.
Сурет: akorda.kz
"Navyco" компаниясының өкілі (Астана) бронды техниканы қалпына келтіруге арналған агрегаттардың дала жағдайында қалай ауыстырылатыны, ал "КамАЗ Инжиниринг" (Көкшетау) және "№405 авиажөндеу зауыты" (Алматы) кәсіпорындары әскери техниканы құрастыру, қалпына келтіру мүмкіндіктері жөнінде мәлімет берді.
Сурет: akorda.kz
Көрмеге Қазақстан мен Түркияның "Қазақстан Aselsan инжиниринг" (Астана) бірлескен кәсіпорны, "Восток Полимер Снаб" ЖШС (Өскемен), "Universal-Build" ЖШС (Алматы), "Energy General" ЖК (Алматы) және басқа да кәсіпорындардың өнімдері қойылды.
Сурет: akorda.kz
Бұдан бөлек, Президентке түркиялық "Оtakar" компаниясы шығаратын ARMA бронды машинасының су кедергілерінен өту мүмкіндіктері таныстырылды.
Сурет: akorda.kz
Көрмені аралап көрген Мемлекет басшысы отандық қорғаныс өнеркәсібінің әлеуетін арттыру маңызды екенін атап өтті.