Тоқаев Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының шұғыл кеңесін өткізді

 Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2023 15:51 Сурет: akorda.kz
Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Батыл тойтарыс – 2023" оқу-жаттығу жиыны өтетін жерге келген соң Бас штабтың алдыңғы шептегі басқару пунктін аралап көріп, шұғыл кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Бас штабтың бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов жалпы ахуал жөнінде баяндады. Содан кейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бейнебайланыс режимінде еліміздің қорғаныс әлеуетін арттыру үшін әзірленген шаралар туралы баяндама жасады.

Сурет: akorda.kz

Ал әскер түрлерінің бас қолбасшылары және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, сондай-ақ Абай облысының әкімі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы жүктелген міндеттердің орындалу барысы жөнінде баяндады.

Кеңес барысында Президент армияны жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен қамтасыз ету қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін нығайтудың маңыздылығына назар аударды

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: