Жаңалықтар тізбегі
0

Пеші жоқ тұрғындарға көмек береміз - Танат Айдарбеков

Танат Айдарбеков, Талғар ауданының әкімі, Кеңдала ауылы, газ мәселесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2023 20:49 Сурет: Талғар ауданы әкімдігі
Бұған дейін түрлі БАҚ беттерінде Талғар ауданы Кеңдала ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйлер қыста жылусыз қалуы мүмкін деген ақпарат тарады. Осы мәселеге байланысты бүгін аудан әкімі Танат Айдарбековтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тілшілер қатысқан жиында әкім Кеңдала ауылында блоктық-модульдік қазандықтар (БМҚ) салу үшін жобалық-сметалық құжаты дайындалып жатқанын айтты.


Кеңдала ауылындағы көппәтерлі үйлер, Талғар ауданы, Танат Айдарбеков, газ мәселесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2023 20:49

Сурет: Талғар аудандық әкімдігі

Аудан әкімінің айтуынша, әзірленетін жобалардың жалпы саны - 19. Оның ішінде А.И. Смыков көшесіндегі № 24, 49, 49а, 53, 59 көппәтерлі үйлерге газ беру үшін БМҚ салу да бар. Қажетті құжат биыл желтоқсанда жасалып бітеді. Жобалардың барлығы бюджет есебінен жүзеге асырылмақ. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылдың наурыз айында басталады деп жоспарланып отыр. 

"Талғар ауданы орталықтандырылған жылудан 1998 жылы ажыратылған. Сол себепті кей көппәтерлі үйлер көмірмен, электр қуаты пешімен жылытылып келе жатыр. 2018 жылы Талғарға газ жүйесі келе бастады. Сол уақыттан бері БМҚ-лар салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ, арада белгілі себептермен үзілістер болған", - деді аудан әкімі. 

Сондай-ақ әкім тұрғындар шағымданған соң әкімдік мамандары Кеңдала ауылына барғанын да атап өтті. Кездесуде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мамандар үйлерді аралап шыққан. Нәтижесінде кей пәтерлерде пеш жоқ екені анықталған. 

Танат Айдарбеков, Талғар ауданының әкімі, Кеңдала ауылы, газ мәселесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2023 20:49

Сурет: Талғар аудандық әкімдігі

"Тұрғындардың кейбірі биыл газға қосыламыз деп пештерін алғызып тастаған. Біз оларға демеушілер есебінен көмек көрсетеміз", - деді Танат Айдарбеков.

Айта кетейік, Талғар қаласында 33, Бесағаш ауылында 2 блоктық-модульдік қазандық бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: