Талғар ауданындағы жағдай: Алматы облысының әкімі жедел штаб отырысын өткізді

Марат Сұлтанғазиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2024 15:31 Сурет: instagram.com/almobl_akimat
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы өртке және Талғар ауданындағы жағдайға байланысты өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев шұғыл жиын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біз марқұмның отбасына көмектесу үшін бар күшімізді саламыз. Жағдай бақылауда, барлық құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Заңдылықты қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Барлық кінәлілер жауапқа тартылады", - деді Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ, облыс басшысы өртенген үйді толық қалпына келтіруді тапсырды.

"Сонымен қатар, отбасына материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі", - деп атап өтті әкім.

Айта кетейік, зардап шегушілердің ата-анасының баспанасы болғандықтан, ұсынылған көмектен бас тартты.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: